Атырауға 26 мыңнан астам шетелдік келген

Атырау облыстық ПД-ның мәліметінше, 2020 жылы облыс көлемінде жедел жағдай мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды, заңсыз  көшіп-қонушылардың арналарын анықтап, жолын кесу мақсатында «Мигрант», «Заңсыз келуші» сияқты рейдтік тексерістер ұйымдастырылған.
Өткен жылы облыс бойынша 26 334 шетелдік тіркелді. Оның 5 629-ы – алыс шетелден, ал 20 705-і – ТМД елдерінен келгендер.
Сондай-ақ, еңбекші көшіп-келушіге 25 055 рұқсат берілсе, 40 182 рұқсат ұзартылған.
Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 1 151 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 204-і ел аумағынан тысқары шығарылды.