Авангардта газ жарылды

Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 23 қаңтар күні сағат 18:34-те «Авангард-2» ықшамауданында болған.
– №18 үйдің пәтерінің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша, газ желісінде ақау болған. Екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады. Газ жарылысынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілген. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Жарылыстың себебі анықталуда.