Атырауда КВИ жұқтырған 101 адам тіркелді

Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 81 жұмысшы,  Жылыой – 4, Құрманғазы – 2, Исатай ауданынан 1  адам тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 58  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 320 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 90 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 38,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 840 адам оқшауланған.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы – «қызыл аймақта».