Атырауда КВИ жұқтырған 101 адам тіркелді
Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 81 жұмысшы, Жылыой – 4, Құрманғазы – 2, Исатай ауданынан 1 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 58 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 320 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 90 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 38, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 840 адам оқшауланған.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы – «қызыл аймақта».