Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды.

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.
2016 – 2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі, 2018 – 2020 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ал 2020 жылдың маусым айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалған еді.