Үкімет отставкаға кетті
Асқар Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кетті.
Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия келді.
Олар «Nur Otan партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы және «Қазақстан халық партиясы.
Конституциялық заңға сәйкес, үкімет мәжіліс құрамы қайта сайланғаннан кейін өз өкілетін тоқтатады. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін премьер-министр де, министрлер де өз міндетін орындайды.
– Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының үкіметі өз міндетін атқаратын болсын, – делінген Ақордада жарияланған Тоқаевтың жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен, яғни 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Өңірлердегі әкімдер өз қызметін жалғастырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана басшысын (мәслихаттардың келісімімен) тек президент тағайындай алады.