Сабақтар онлайн өтуде

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін қала және аудан мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтуде. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

– Оқушылардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігі үшін, бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0–4 сыныптардағы сабақтар болмайды. Сабақтар онлайн форматта өткізіледі, – деді Атырау облысы Білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.