Түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды
Атырауда тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады.
– Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырған, сондай-ақ, жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалардың туыстары үйден шықпай-ақ, тауарларды таңдай алады. Содан соң таңдаған тауарларының тізімін мекемеге жібереді.
Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты орындап, тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді, –дейді Қаламқас Әшірхан.