Жылыойда қалаішілік маршрурттар саны артады

2021 жылдың бірінші тоқсанында қала тұрғындарын тасымалдауға тағы 10 маршрут қосылады. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кәзіргі кезде қалаішілік және ауылдық округтердің тұрғындарын барлығы 40 маршрут тасымалдауда. Жауапты автопарк Құлсары қаласы тұрғындарын 12 бағытта, ал ауылдық округтер бойынша 5 бағытта тасымалдауда.

Осы жылдың бірінші тоқсанында қалаішілік тасымалдаушы автопарк, тағы 10 маршрутпен толықтырылады деп күтілуде.