Атырауды қардан тазартуда

Атырау қаласындағы көпшілік орындар мен әлеуметтік нысандар маңын қардан тазартуға 100 ден аса жұмысшы тартылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Таңғы сағат 7:00-ден бастап жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарын тазартуға 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта көпірлердегі тазарту жұмыстары аяқталып, басқыштар қар мен мұздан тазартылды. Кешеден бастап 27 шаршы метр реагент себілген.
Түстен кейін жұмысшылар Ландыш, Сарықамыс, «Дина» сауда үйі маңындағы аумақтарды тазартуға кіріспек.

Сондай-ақ, «Спецавтобаза» мекемесі ұлпа қарды тазалайтын арнайы техниканы дайындап қойды.