Үкімет отставкаға кетуі керек — Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында өз таңдауын елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жасады.

— Заңнама бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Мен сайлау аяқталғаннан кейін фракция жетекшілерімен, Премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатурасы бойынша депутаттардың жаңа құрамымен кеңесу үшін Парламентке барамын, — деді Президент.