Кешегі «АМӨЗ»-дегі алау неден шықты?
Атырау мұнай өңдеу зауытында шыққан алаудың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
– 2021 жылы 10 қаңтарда «АМӨЗ»-де Атырау облысының сыртқы желілерінде (KEGOC желісі арқылы) электр энергиясы терең тұйықталған. Апатты жағдайдың алдын алу үшін зауыттың жанармай желісі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толығымен тұрақталғанға дейін технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталды. Айта кету керек, бұл «KEGOC» АҚ-ның бір күн ішінде үшінші рет электр қуатын ажыратуы, мұндай жоспарланбаған үзілістер өндіріске кері әсерін тигізеді, – делінген хабарламада.