Кеше өңірде 73 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бүл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 50 жұмысшы, Жылыой – 3, Қызылқоға мен Құрманғазы ауданынан 1 адамнан тіркелді.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 53 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 243 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 108
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 32,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 812 адам ем қабылдауда.
Еліміз бойынша қауіпті індет жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты бүгін Атырау, Ақмола облыстары «қызыл аймақта» қалып отыр.