Кеше облыста 144 адамнан КВИ анықталған
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте 149 адамнан коронавирус індеті анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 144 жұмысшы, Жылыойдан 1 адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 25-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 43 адам емделіп шықты.
Айта кетсек, қазіргі уақытта 290 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 91, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 38, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 778 адам ем қабылдауда.