Карантин шектеуін бұзу тоқтар емес
Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, карантин шектеуін елемей, жұмыс істеген тағы бірнеше мейрамхана анықталды.
– Мәселен 26 желтоқсанда түнгі сағат 22:30 шамасында «Тофу» мейрамханасының 60-қа жуық адамға қызмет көрсеткені белгілі болды. Бұл мейрамхана бұған дейін карантин режимін екі рет бұзған. Сол күні түнгі сағат 23:40 шамасында І.Жансүгіров көшесіндегі «Ak’s rezervе» мейрамханасында 20-ға жуық адам болғаны анықталды. Аталған мейрамхана да бұдан бұрын екі рет карантин режимін бұзды, – дейді Ерлан Биғамбаев.
Сонымен қатар, бірнеше азық-түлік дүкені мен «Лото» ойын клубы карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істей берген.