Атырау мешіттері биыл 18 отбасыны баспанамен қамтыды
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында биыл 18 мұқтаж отбасына баспана берілді. Мешіттердің ұйытқы болуымен берілген баспаналар негізінен көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды, – деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 185 отбасы балаларына оқу құралдары мен 40 телефон табыс етілді.
Ал пандемияға байланысты онлайн форматта өткен Құрбан айт кезінде 4 116 отбасына 43 тонна ет таратылған. Облыс бойынша 6 000 балаға Құрбан айт сыйлығы үлестірілді. Жалпы Құрбан айттан бөлек, жыл бойына 7 179 отбасына 40 сиыр еті, 880 қой еті таратылған.