Әлем - 28.12.2020

Жапонияда шетелдіктерге виза беру тоқтатылды

Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга коронавирустың жаңа түрінен қорғану шарасы ретінде барлық шетелдіктерге виза беруді тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz порталы хабарлады.

Енді басқа мемлекеттердің азаматтарына жаңа виза берілмейді. Виза беруге, сондай-ақ, елге кіруге уақытша тыйым салу 28 желтоқсаннан бастап күшіне еніп, 2021 жылдың қаңтардың соңына дейін жалғасады.
28 желтоқсанға дейін виза алған резидент емес шетелдік азаматтар Күншығыс еліне кіре алады.
Елден тыс жерлерде қысқа мерзімді іссапарға шығуға рұқсаты бар жапондықтар мен шетелдіктер қайтадан екі апталық карантинді сақтауға міндетті болады. Сонымен қатар, олар коронавирустық тесттің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуі қажет.