Cауда орталықтарының жұмысы тоқтамайды
Атырау базарлары мен сауда орындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай жұмыстарын істей береді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Кей әлеуметтік желіде: – Атырауда базарлар 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді, – деген жалған ақпарат тарады. Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитария шараларының күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді.