Балаларды жаңа жылмен құттықтады

Аймақ басшысының орынбасары Бақытгүл Хаменова отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйіне барып, жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев пен жасөспірімдер үйінің ұжымы қатысты.

– Құрметті бүлдіршіндер! Біз ҚР Президентінің аманатын жеткізгелі келіп отырмыз. Сіздерді облыс әкімі атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Біздің болашағымыз өздеріңіз, олай болса, еліміздің ерендері боп, шамшырақтай жана беріңіздер! Орталарыңызда түрлі сала мамандары, өнер адамдары шығатынына сеніміміз мол.
Дендеріңе саулық тілеймін, сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар. Жаңа жыл құтты болсын!, – деді Бақытгүл Хаменова өз құттықтауында.

Бүгінгі таңда аталған жасөспірімдер үйінде 61 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ, Талғайран елдімекенінен барлық қажеттілік қамтылған жаңа ғимарат салынып жатыр.