Әліппе кирилл қаріпінде шығады

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

– Біздің алдымызда тұрған мақсат – осы «Әліппемізді» ертерек оқу бағдарламасына кіргізу. Латын әліпбиі бойынша тиісті шешім қабылданды, бұл шешім бойынша латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңімен өтетін болады. Ал бізге келесі жылдан бастап «Әліппемен» оқи бастау керек. Сондықтан келесі жылы қабылданып, енгізілетін «Әліппе» кирилл қарпінде болады. Одан кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмысы басталғанда, әрине «Әліппені» де латын қарпіне көшіреміз. Бұл жалпы қиын шаруа емес. Ең бастысы – бағдарлама және оқулықтардың мазмұны. Бұл мәселелер қазіргі уақытта шешіліп қойған, – деп жауап берді Білім министрі тілші сұрағына.

«Әліппені» енгізу 2021–2022 оқу жылына жоспарланып отыр.