Бітіруші сыныптар бірнеше пәнді дәстүрлі форматта оқиды

ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша, III тоқсаннан бастап 9 және 11 — 12 сынып оқушылары аралас форматта оқидв. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих сияқты пәндер мектепте оқытылады. Яғни барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әртүрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады.

Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар, бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді. Осы орайда мектептерде санитарлық шаралар сақталатын болады.