Ресейден Атырауға келген адамдардан коронавирус анықталды

Атырауда 6 қазаннан бері Ресейдің Астрахан облысынан келген 7 адамнан коронавирус анықталды.
Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың айтуынша, Қазақстан аумағына Ресей Федерациясының Астрахан облысынан 6 қазаннан бері шекарадағы өткізу пункті арқылы 13 мыңнан астам адам келген.
– Оның ішінде 1 656 адамда – 210 жолаушы мен 1446 жүргізушіде ПТР-тесттен өткені туралы анықтама болған жоқ. Олардың бәрі карантиндік стационарға жатқызылды. 6 жүргізуші мен бір жолаушының ПТР-тест қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Науқастың бәрі емделуге жіберілді, – дейді Амантай Жұмағалиев.
Атыраудағы Х. Доспанова халықаралық әуежайына келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы тіркелмеген.