Құрманғазы ауданында 200-ден аса жұмыс орны ашылды
Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевтың айтуынша биыл ауданда «Жұмыспен қамтудың 2020—2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 202 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұмыссыздар қатарынан 107 адам еңбекке араласқан.
⠀
Бұдан бөлек, аудан әкімі қоғамдық жұмыс орындарына мыңнан аса құрманғазылықтың жұмысқа орналасқанын атап өтті.
⠀
— Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017—2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыты бойынша жүргізіледі. Биыл ауданымызда аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 60 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Екінші бағыт бойынша 56 адамға кәсіп ашу үшін несие беріліп, 100 адамға грант тағайындалды. Ал үшінші бағыта 35 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылып, 128 жас жастар тәжірбиесіне жолданды. Сонымен қатар, 1 223 адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді, — деді аудан әкімі Қайрат Нұртаев.