Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы еріктілерге егілуде

Бұл туралы Премьер-министрінің ресми ресурсы хабарлады. 

Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына барды. Қазір ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің I және II фазаларын аяқтаған.
Премьер-министрдің ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және  96% тиімді екенін көрсетті.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңін бастауға рұқсат берген. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцина алады.  III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза вакцина шығарылатыны белгілі болды.

— 2021 жылдың наурызынан бастап отанды вакцина жаппай егіле бастайды. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады, — деді Асқар Мамин.