Қорғаныс министрлігінің бұрынғы бөлім басшысы 5 жылға сотталды
ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадр департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қ. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.
2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.