Пара бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын босатылмайды

Zakon.kz-тің хабарлауынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл ретте Қылмыстық кодекске пара алушы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, пара делдалдарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, заңға ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзетулер енгізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары және судьялар үшін қарастырылған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша жаңа шектеулерді қамтиды. Қылмыстық процестің бәсекеге қабілеттілігі мен ашықтығын күшейтуге бағытталған нормалар қабылданды.

Заң жобасындағы шетелдік банктерде шот ұстауға қатысты жаңадан енгізілген шектеулер тек мемлекеттік қызметкерлерге, Парламент депутаттары мен судьяларға қатысты.