Индер ауданында 5 тұрғын үй салынуда

Қазіргі уақытта Индербор кентіндегі Көктем шағынауданында төрт қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үй мен 5 қабатты 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Бүл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Одан бөлек, Көктем қазақ орта мектебіне 80 орындық жапсаржай, Көктем шағынауданында жол, газ, жылу құрылысы, Есбол, Елтай, Аққала ауылдарындағы газ желісінің құрылыстары жүргізілуде, – деді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.

Айта кетсек, Индер ауданында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған спорт кешендері де бой көтеруде. Бүгінде Индербор кентіндегі спорттық ойын алаңдарының құрылысы, Жарсуат ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауданда ауылішілік жолдар жөнделуде.