Теңіз кенішінде карантин күшейтілді

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша коронавирус инфекциясының 80%-ы Теңіз кен орынынан анықталып, мұнда карантиндік шектеулер күшейтілді. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Амантай Жұмағалиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, науқастармен қарым-қатынаста болған жұмысшылар оқшауланған. 42 жағдай Теңіз кен орнындағы 2 компанияның жұмысшыларынан анықталды. Аталған аурудың 99%-ы профилактикалық мақсатта жүргізілген скринингтік тексерудің нәтижесінде белгілі болып, аталған 2 компания карантинге жабылды.

Бұған дейін Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 6 желтоқсан күні Теңіз, Прорва, Морской кешендерінде санитарлық талаптарды күшейту жөнінде арнайы қаулы жариялады.