Атырау карантинге жабылмайды

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, өңірдегі аурушаңдықтың көрсеткіші қатаң шара қабылдауға жетпеген.
– Дегенмен Атырау облының тұрғындары мен қонақтарынан сақтық, шектеу шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Мерекелік шараларға қатысып, ұйымдастырудың қажеті жоқ. Сақтану шараларын қатаң ұстану арқылы ғана қауіпті індеттің таралуын тоқтата аламыз, – деді Амантай Жұмағалиев.