Сарбаздар әскери ант қабылдады

Атырауда Тұңғыш Президент күні жас сарбаздар әскери ант берді.

Салтанатты рәсімге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров, қолбасшы орынбасарлары, бөлім командирлері мен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Әскери ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар қонақтарға қоян-қолтық ұрыс пен саптық даярлық элементін көрсетті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл карантин шектеуіне байланысты ант қабылдау салтанатына жас сарбаздардың туыстары қатыса алмады. Алайда ата-аналары мен туыстары жолдаған хаттарды командирлер оқып берді.

Енді жас сарбаздар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы аясында жауынгерлік дайындықты бастайды. Алты ай ішінде олар артиллерияшы, танкист, барлаушы, атқыш мамандығын меңгереді.