Қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болып Мусакаев Батыржан тағайындалды.
Мусакаев Батыржан 1982 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын аяқтап, «инженер-құрылысшы» мамандығын алған.
Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.