«Орыс тілі, әдебиеті мен мәдениеті» орталығы ашылды

Атырау университетінде «Орыс тілі, әдебиеті мен мәдениеті» орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы assembly.kz хабарлады.
Салтанатты шараның бірінші бөлімі «Гурьевчанка» орыс этномәдени бірлестігі вокалды ансамблінің концерттік бағдарламасымен ашылды.
Лента қию рәсімі Атырау университетінің басқарма төрағасы Саламат Ідірісов пен Орал қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының Вице консулы Владимир Волковқа бұйырған. Атырау облысы Ассамблеясының өкілдігі Вице консулға ҚХА-ның 25 жылдығына арналған естелікті тарту етті.
«Орыс тілі, әдебиеті мен мәдениеті» орталығының ашылуына ықпал етіп, қолдау білдірген орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Андрей Кораблев қатысушыларға ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, аталмыш Орталық студенттерге орыс тілі мен әдебиетін насихаттап, оның мәдениетімен танысуға, оқытушыларға, магистранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарында әдістемелік көмек алуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шара барысында «Былина» жеке басылымының алғаш тұсаукесері өтті. Басылым бетінен Атырау өлкесінің тарихы, өңірдің мақтанышына айналған тарихи тұлғалар туралы айтылып, бұрын-соңды белгісіз тарихи шығармалар жиынтығы жарияланатын болады.