Гонконгте барлық мектеп жабылады
Сянган арнайы әкімшілік ауданының барлық мектебі коронавирустың төртінші толқыны салдарынан сәрсенбіден Рождество мерекесі аяқталғанға дейін жабылмақшы. Бұл туралы ҚазАқпарат SCMP -ге сілтеме жасап хабарлады.
Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламның айтуынша, жақын арада барлық мемлекеттік қызметшілерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру жоспарлануда.
Әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзған адамдарға екі мың Гонконг доллары, шамамен 258 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Сонымен қатар, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің барлық қызметкерлері екі апта ішінде міндетті түрде коронавирус тестілеуінен өтеді.
Гонконгта эпидемия басталғаннан бері ауруға шалдығудың 6 238 жағдайы расталып, 109 өлім тіркелген еді.