Covid-19: 12 адам жұқтырып, 10 адам жазылды

Атырау облысында өткен тәулікте 12 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Дертке шалдыққандардың 7-еуі – Атырау қаласынан, Теңіз кеніші мен Қызылқоға ауданынан екі адамнан және біреуі – Исатай ауданынан.
Науқастардың алтауында ауру симптомды түрде өтіп жатыр.
Сондай-ақ, кеше Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында және үй жағдайында емделген 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.