Қытайда миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе салдырды
Қытайда бір миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Бұл туралы «Хабар24» хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, оларға шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген СNBG компаниясының вакцинасы салынды. Екпенің клиникалық тиімділігі әлі расталмаған.
Жалпы ғалымдар екі вакцина жасап шығарғанмен, олардың клиникалық сынағының үшінші кезеңі әлі аяқталған жоқ. Тәжірибе Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Аргентина және Перуде жүргізіліп жатыр. Шараға 50 мыңнан аса адам қатысуда. Компанияның мәлімдеуінше, алдын ала нәтижелер вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.
– Мен індетпен күресте екпеге көп үміт артамын. АҚШ пен Германияда екі вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асқаны хабарланды. Ал Қытай препараттарына келетін болсақ, олар шетелде клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Мен бақылау комиссиясын басқарамын. Бізде сынаққа қатысушыларға қажетті зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тәжірибелерге қатысты қорытындалар жуық арада шығады деп сенемін, – дейді профессор Ван Гуйцян.