Батыста жауын-шашын басталмақ

«Қазгидромет» синоптиктері 2020 жылғы 24 – 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оған Солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигізеді.
Скандинавия түбегінен келген циклон елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды. Соның салдарынан жауын-шашын жауады.
Кей аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді.