Баскетболшылар қола жүлдеге ие болды

«Атырау барыстары» баскетбол командасы Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар айынан бастап 7 ерлер командасы Қазақстан Кубогін сарапқа салды. Іріктеу қаңтар-ақпан айларында өтіп, ақтық сындар 17–19 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде қорытындыланды.

Турнир қорытындысы бойынша атыраулық команда қола жүлдеге ие болды. Олар үшінші орын үшін ойында ақтаулық «Каспий» командасын 74–58 есебімен ұтты.

Турнир қорытындысы бойынша «Атырау барыстары» сапындағы Владимир Иванов «үздік ойыншы» атанды.