20 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

Екі елдің азаматтығымен жүрген тағы бір азамат анықталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Құрманғазы ауданының тәртіп сақшылары көршілес Ресейден келген қонақтың қос мемлекеттің азаматтығымен жүргенін әшкереледі.

1999 жылы отбасылық жағдайына байланысты Ресей Федерациясына көшіп кеткен жерлесіміз, 2000 жылы сол елдің азаматтығын қабылдаған. Алайда бұл туралы тиісті орындарға хабарламаған.
РФ-ның және ҚР-ның төлқұжаттарымен жүрген бұл азаматқа қатысты Құрманғазы ауданы полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігінде көзделген «Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау» бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған құжаттар Құрманғазы аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде оған 200 АЕК есебінде айыппұл салынды.