Өңірге 360 микрокредит берілген

Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында 1 911,8 млн. теңге сомасына 360 микрокредит берілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Оның 35,3% немесе 619,6 млн. теңге сомасына 127 микрокредит – стартап-жобаларға, 7,2% немесе 307,7 млн. теңге сомасына 26 микрокредит – зәкірлік кооперацияларға, 57,5% немесе 984,5 млн. теңге сомасына 207 микрокредит кәсіпті кеңейтуге берілген.