Екінші тоқсанда оқушылардың қалай оқитыны белгілі болды

Мектептерде оқу процесі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады. Бұл туралы ​Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Білім беру басқармасының ​басшысы Сатқан​ ​ Есенғалиев​ айтты.
Спикер​ коронавирус инфекциясының әлемде және еліміздегі жағдайы тұрақты еместігін атап өтті.

Оның айтуынша, 2020–2021 оқу жылында 134​ 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасауда. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1-тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылған. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1 296​ оқушы білім алып жатырса, 175​ мектепте 108​ 713​ оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал 164​ мектепте 1–4 сыныптың 25​ 023 оқушысын қамтитын 1 887 кезекші сыныптар ашылған.