Қазақстан Қырғызстанға көмек қолын созбақ

Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн. медициналық маска жеткізіледі.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.