Қанша мұғалім мен оқушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелген. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
– Бұл – еліміздің 17 өңіріндегі мұғалімдер. Әр жағдай қандай мамандық бойынша жұмыс істейтініне қарамастан тексеріледі. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылады, – дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта 456 оқушы коронавирустан емделіп жатыр. 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сынып оқушылары арасында коронавирусқа шалдығудың 302 жағдайы тіркелді. Және вирустық пневмонияға қатысты 1 жағдай анықталды.