Жезөкшелікпен айналысқандар арасында шетел азаматшалары да бар

10 – 14 қараша аралығында өтіп жатқан республикалық «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырауда жезөкшелікпен айналысқан шетелдік екі азаматша анықталды. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев хабарлады.
Жедел шара мақсаты – адам саудасымен, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айырумен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеумен байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, ескерту.
Жедел шара барысында облыс орталығында адамдарға сексуалдық сипатта қызмет көрсетуге талпынғандар анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 9 723 теңгеден айыппұл салынды.
Тексеру кезінде, олардың екеуі – Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің азаматшалары, бірі – Шымкент қаласынан келген 25 жасар бойжеткен болып шықты.
10 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау қаласындағы сауналардың бірі келген тұтынушыларға ақылы қызмет көрсететін, жезөкшелікпен айналысатын қыздарды шақыртқан. Карантиндік режимді сақтамаған саунаға қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Жедел шараның екі күнінде жезөкшелікпен айналысқан 18 азаматшаға қатысты «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сондай-ақ, жедел уәкілдер ғаламтор желісінде орналасқан сайттардың бірі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған сайтта сексуалдық сипатта қызмет көрсетуге анкеталық жарнама берген 10 адам анықталып, олардың жалдамалы пәтерлері туралы Салық органдарына хабарланды.
Өздерін жарнамалағандармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жедел шара жалғасуда.