Қызылқоға мектептеріне қанша теңге бөлінгені анықталды

Қызылқоға аудандық білім бөлімі басшысы Өтепберген Әділовтың мәліметінше, санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларды қамтамассыз ету үшін аудан мектептеріне жергілікті бюджет есебінен 15 млн. 754 мың теңге қаражат бөлініп, оған 14 дезинфекциялық тоннель, 6 000 резеңке қолғап, 10 230 дана маска, 47 жылудидар, 46 дезинфекциялық кілемше, 46 дана кварц шамы алынып, 3 айлық дихлор қоры жасақталған.
Онлайн оқуға көмек ретінде мектеп құралдары және басқа да қажеттіліктерін алу үшін көмекті қажет ететін 1 358 балаға 40 000 теңгеден көмек көрсетілді.
50 оқушыға демеушілік тарапынан роутерлер алынса, 251 мектеп компьютері мен облыстық білім басқармасы арқылы 240 планшет, 200 компьютер алынып таратылды. Олар бірінші кезекте қайтарымды жолмен әлеуметтік осал топтың оқушылары мен озат оқушыларға берілген.
Бүгінде ауданда 4 675 оқушы онлайн режимінде еш кедергісіз білім алуда.
– Пандемияға қарамастан аудан мектептерінің 2020 – 2021 оқу жылына сапалы дайындығы үшін үкіметтен 14 млн. 40 мың теңге қаржы бөлініп, мектептердің жеңіл жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.
Аудандық әдістемелік орталыққа 640 мың теңге, №6 педогогикалық-психологиялық түзелу кабинетінің жөндеу жұмыстары үшін 2 млн. 897 мың теңге қаржы қаралып, игерілді.
Аудандағы білім беру ұйымдарына қажетті құрал-жабдықтар алыну үшін 63 млн. 346 мың теңге қаржы бөлініп, барлық қажеттіліктері алынды.
Қарабау орта мектебіне биология кабинеті жасақталса, Қызылқоға оқушылар үйіне 6 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынуда.
Аудан мектептеріне 59 619 оқулық алу үшін 83 млн. 650 мың теңге бөлініп, 11 баспадан осы қаржыға оқулықтар толықтай алынды, – дейді Өтепберген Әділов.