Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар іріктелді

Атырауда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының 38-кезектен тыс конференциясы болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабардады.
Онда Атырау облыстық мәслихатына кандидаттарды ұсыну үшін, 27 праймериз қатысушысы арасында дебат болып өтті.

Конференция жұмысына Атырау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

Аймаққа қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолдары да ұсынылған дебат соңында сессияға қатысушылар Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына ұсынылатын үміткерлерді анықтау мақсатында дауыс берді.