ПТР-тест пен маска бағасы 2 есе арзандады
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді. «Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағалар белгіленсе, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.
Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге – 1 данаға дейін төмендетті. Дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 1 дана маскаға орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін азайды.