Атыраулық өрен әлем чемпионы атанды
Атыраулық палуан Абылайхан Мейрамбекұлы Сербияда самбо күресінен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.
⠀
Сербия республикасының Нови-Сад қаласындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Абылайхан Мейрамбекұлы 52 келі салмақ дәрежесінде күресті. Финалда молдовалық қарсыласынан басым түсіп, жастар арасында әлем чемпионы атанды.
⠀
Осы халықаралық жарысқа қатысып жатқан тағы бір жерлесіміз — Еркебұлан Қуанғалиев финалда бақ сынайды.
⠀