Бір күнде 600-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 591 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Оның тоғызы – Атырау облысынан. Сондай-ақ, өткен тәулікте өңірде 15 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 114 826-ға жетсе, жазылып шыққандар саны – 107 339. 1 857 адам қаза тапқан.