Мас жүргізуші жол апатына себепкер болды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 қазан сағат 08:15 шамасында «Ваз 21102» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Атырау қаласындағы Тайманов – Бейбарыс көшелерінің қиылысында ара қашықтық сақтамай, бағдаршамның тыйым салынған түсінде тұрған «Kia Riо» көлігін соғып, материалдық шығын келтірген.
Жүргізушілер наркологиялық диспансерден сараптамадан өткізіліп, «ВАЗ 21102» көлігі жүргізушісінің орта дәрежелі алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.
Полиция қызметкерлерімен құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды.