Бір аптада 9 жасөспірімді ит қапқан

15 – 22 қазан аралығында Атырау облысы көлемінде көшедегі бұралқы иттерден 9 жасөспірім дене жарақаттарын алған.
Талдау көрсеткендей, олардың 5-еуі – көшедегі бұралқы иттерден, 3-еуі – көршісінің, біреуі – өз ауласындағы иттен.
Ит қапқан 9 жасөспірімнің барлығы алғашқы медициналық көмекке жүгініп, жеңіл дәрежелі жарақат алғандары анықталды.
Тіркелген оқиғалардың біреуі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен хаттама толтырылып, ит иесіне 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған 8 дерек бойынша жәбірленушілер тарапынан арыз-шағым болмаған.